Бурабайда жыртқыш аң бой көрсетті

Бурабайда жыртқыш аң бой көрсетті
Сурет: Egemen.kz

«Бурабай» ұлттық паркі үлкен мысықтар отбасының жаңа бейнелерін көрсетті

Кадрларда екі марғауын ертіп, серуендеуге шыққан сілеусінді көруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгін тағы бір бейнемен бөліскіміз келеді - мысықтар отбасының өкілдері күндіз Бурабай жартастарында серуендеді. Тату отбасының пайда болуы сирек кездесетін жағдай, өйткені жабайы табиғатта сілеусіндер жалғыз тұрады», делінген Ұлттық парктің хабарламасында.