«Бурабай» ұлттық паркіне 550 мыңнан астам көшет отырғызылады

«Бурабай» ұлттық паркіне 550 мыңнан астам көшет отырғызылады
inform.kz

Биыл «Бурабай» ұлттық паркі аумағында жарты миллионнан астам көшет отырғызылады. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Telegram-дағы жеке каналында жазды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Бурабай» ұлттық паркі аумағында орман отырғызу басталды. Жас қарағайлар мен қайыңдар парктің солтүстік бөлігінде салынып жатқан Aqbura курортының территориясында отырғызылады. Биылдың өзінде 65 гектар жерге 550 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған», - деді А.Дәдебаев.

Мәлім етілгендей, екіжылдық тікпе көшет «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің питомнигінде өсірілді.

«Ғалымдарының айтуынша, бұл аймақтағы ормандардың 65% қарағай, 35% жапырақты ағаштар құрайтындықтан, таңдау дәл осы түрлерге түскен.

Ағаш отырғызып, орман алқаптарын ұлғайтуға кез келген адам өз үлесін қоса алады. Ол үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кеңсесіне қоңырау шалып (тел. 87163671897), көшет отырғызуға жазылу қажет. Бұл акция тегін, тек бос уақытыңыз бен ниетіңіз болса болғаны. Орман - ел дәулеті, жер сәулеті!» - деп жазды А.Дәдебаев.