Буэнос-Айресте ыстық болып тұр

Буэнос-Айресте ыстық болып тұр
Сурет: ашық дереккөз

Мамандар температура наурыз айы үшін рекордты деңгейде көтерілгенін айтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір Аргентина астанасында сынап бағанасы 38,8 градусты көрсетіп тұр. Мұндай температура соңғы рет 1952 жылы тіркелген. Әсіресе, басқа елдерден демалуға келген туристерге қиын болып жатқан көрінеді. Олар көлеңке іздеп, салқын суды көп ішіп, әрең жан сақтап жүрсе керек. Көбі амалсыздан далаға шығуды қойған.

Аргентинада былтырдан бері жауын-шашын жаумай, елдің көп бөлігін құрғақшылық жайлады. Соя, жүгері мен бидай алқабы құрғап, өнім азайған.