Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 115 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 115 доллардан асты
Cурет: Ашық дереккөз

Brent мұнайының бағасы барреліне 115 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақытымен 01:27-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 115,1 долларды құрап, 0,84 пайызға, ал WTI шілдедегі фьючерстері 0,61 пайызға өсіп, 112,5 доллар болды.