Бразилияда "омикронның" жаңа мутациясы анықталды

Бразилияда "омикронның" жаңа мутациясы анықталды
Сурет: M24.ru

Жаңасы – «омикронның» ВА.1 және ВА.2. штамдарының араласқан мутациясы. 

Ғалымдар «омикронның» толық рекомбинациясы туралы айтуға әлі ерте деп отыр. Айтуларынша, ол үшін вирусологтар инфекцияның кем дегенде бес адамға жұққанын растауы керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, жаңа штамм 16 ақпанда Сан-Паулу қаласында тіркелген. Науқастың үш жасар баласы бар. Пандемия басталғалы Бразилияда 30,4 миллион адам дертке шалдығып, оның 663 мыңы қайтыс болды. Бұл елде «омикронның» BA.2 түрі көп таралған.