Бразилияда киноархив өртенді

Бразилияда киноархив өртенді
Сурет: Кun.uz

Бразилияда киномұрағат отқа оранды

Бразилияда бірегей туындылары бар басты мұрағат өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Іz.ru сайтына сілтеме жасап.

Өрт Бразилияның басты киноархивінде - Сан-Паулуда орналасқан Cinemateca Brasileira павильондарының бірінде болған.

Тілсіз жаумен күресуге 11 өрт сөндіру бөлімінің техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар кинотеатрда 200 мыңнан астам фильм орамдары сақталатыны атап өтілді.

Елдің бас кино мұрағаты 74 жыл ішінде төрт рет өртке оранған. Соңғысы 2016 жылдың ақпанында болған. Нәтижесінде 500 -ге жуық туынды өртке оранды. Киномұрағаттың көптеген материалдарының көшірмелері жасалып үлгерілмеген.