Браконьерлерден құны 1,5 млрд  теңге болатын киік мүйіздері тәркіленді

Браконьерлерден құны 1,5 млрд  теңге болатын киік мүйіздері тәркіленді
inform.kz

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті киік мүйізін сатпақ болған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының браконьерлікке қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, 2022 жылғы 15 наурызда ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты қолға түсірді. Процессуалдық іс-қимылдар барысында жалпы салмағы 160 кг болатын 641 дана киік мүйізі алынды.

Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша қылмыстық әрекеттен мемлекетке залал 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Күдіктілерге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.