BoxRec үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

BoxRec үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты
Сурет: Inform.kz

Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады. Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді. 

BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы: 

 Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7 
 Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81 

 Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58 

 Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59 

 Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51 

 Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07 

 Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96 

 Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69 

 Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655 

10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247.