Бостандық ауданының 800-ден астам тұрғыны АӘК алды

Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында айтты. Сондай-ақ, жыл басынан бері ауданның 16 тұрғынына 200 АЕК көлемінде грант берілген.

Аудан әкімінің мәліметінше, 2021 жылдың 1 тоқсанында 193 аз қамтылған отбасыға, яғни 842 адамға 8 512 592 теңге атаулы әлеуметтік көмек төленген. Бұдан басқа, 191 адамға тұрғын үй көмегін төлеу түрінде жалпы сомасы 1 809 442 теңге қолдау көрсетілген.
«Биыл ауданымыздың 829 зейнеткері 7 АЕК — 19 446 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш берді. Олардың барлығына жалпы сомасы 1 686 610 теңге жәрдемақы төленді. Сондай-ақ, ауданның 466 тұрғыны 20 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек алды, Ұлы Отан соғысының 18 ардагеріне 6,5 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді», – деді А.Рахымбетов.
Аудан әкімі алдағы уақытта да мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті. Мысалы, 11 тұрғынның өтініші бойынша ыстық және суық суды есептеуіш құралдарын сатып алу және орнату шығындары өтеледі.

Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *