Бостандық ауданының 200 мың тұрғыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі

Бостандық ауданының 200 мың тұрғыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі Сурет:Vlast.kz

Бұған маусым айында іске қосылатын жаңа қосалқы электр станциясы септігін тигізеді.


Алматыда маусым айында «Алмагүл» электр қосалқы станциясы іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бүгінгі халықпен кездесуде атап өткеніндей,  Алматы қаласының Бостандық ауданында инженерлік желілерді жаңғырту бойынша жобалар жоспарлы түрде іске асырылуда.



«Қаланың оңтүстік бөлігін энергиямен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін «Алмагүл» шағынауданында электр қосалқы станциясы салынып, ұзындығы 4,8 км болатын жаңа кабель желісі төселді. Бүгінгі таңда подстанцияға электр қуатын беру жұмыстары аяқталып келеді. Қосалқы станцияны маусым айында іске қосу жоспарланған», - деді әкім тұрғындармен кездесуде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10