Бостандық ауданындағы ақауы бар лифтілер мен көтергіштер 1 қарашаға дейін қалпына келтіріледі

Бостандық ауданындағы ақауы бар лифтілер мен көтергіштер 1 қарашаға дейін қалпына келтіріледі
Сурет: Kazgazeta.kz

Ауданда 7 жерүсті, 12 жерасты өткелі бар.

Жыл сайын оларға қызмет көрсетуге шамамен 60-70 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындары мен өткен кездесуінде жерүсті өткелдерінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың лифтілер мен пандустарды пайдалану мәселесі көтерілді.

«Наурыз-сәуір айларында тексеру жүргізіліп, жерүсті және жерасты өткелдеріндегі 2 көтергіштің (Әл-Фараби-Гагарин, Әл-Фараби-Ремизовка)  ақауы бар екені анықталды. Лифтілер мен көтергіштерді жөндеуге биыл 6 млн.теңге бөлінді. 1 қарашаға дейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтаймыз», - деді қала әкімі. 

 Көтергіштерді қолжетімді ету мақсатында мұқтаж адамдарға арнайы кілттер әзірленді.