Бостандық ауданында келесі жылы жаңа перзентхананың құрылысы аяқталады

Бостандық ауданында келесі жылы жаңа перзентхананың құрылысы аяқталады
Сурет: Private Clinic Almaty

«Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында» операциялық блог пен қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасып жатыр.

«Мега Алма-Ата» сауда орталығының төңірегінде азаматтарды әлеуметтік объектілермен қамтамасыз ету үшін тұрғындарымыздың өтініштерін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі парк аймағы бар, 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,1 га жер учаскесін сатып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2023 жылдың I тоқсанында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді, 2023 жылдың IV тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.

Сондай-ақ «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында» операциялық блог пен қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда жұмыстардың жартысы орындалды, құрылыс 2023 жылдың I тоқсанында аяқталады. Сонымен бірге, келесі жылдың ақпан айында «Керуен Медикус» клиникасы перзентханасының жаңа корпусының құрылысы аяқталады.