Бостандық ауданында бюджетке 364 млрд теңгеден астам қаражат түскен

Бостандық ауданында бюджетке 364 млрд теңгеден астам қаражат түскен
Сурет: Almaty.tv

Өткен жылмен салыстырғанда қаражат 39 пайыз өскен

Алматының Бостандық ауданында биылғы жылдың 1-жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 364 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абай Әлі Бостандық ауданы халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 39 пайыз өскен. Кездесу аясында көлік құралдары мен мүлік салығы, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері сөз болды.

«Мемлекеттік кірістер басқармасының міндеті –  сапалы түрде толық мерзімде белгілікті және республикалық бюджетке түсімдердің салықтарын толық қамтамасыз ету. Бұл –  кіші және орта бизнеспен айналысатын салық төлеушілер шоғырланған жер», – деді Бостандық ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абай Әлі.