Бостандық ауданында биыл 15 жеке балабақша ашылды

Бостандық ауданында биыл 15 жеке балабақша ашылды
Сурет: Tengrinews.kz

Тұрғын үй кешендерінің көптеп салынуы себепті мектептерде де орын жетіспей жатыр.

Аудан мектептеріндегі орын тапшылығын азайту үшін 1 қыркүйекте 3 мектепке (№146, 191, 125) 875 орындық қосымша құрылыс аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

3 мектепті (№81, 40, 45) сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

30-қарашаға дейін «Орбита-3» ықшамауданындағы №145 мектепті сейсмикалық күшейту және №9 арнайы коррекциялық мектеп-интернатқа қосымша салынған
120 орындық құрылыс аяқталады.

Сондай-ақ 2022 жылғы қараша айында «Қазақфильм» ықшамауданындағы №70 мектепті сейсмикалық күшейту басталады.

Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «Базис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1-ші қазанда №65 мектепке 300 оқушы орындық қосымша құрылыс салуға кірісті.

Оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету мақсатында бүгінгі таңда құрылыс компанияларында мынадай жаңа жобалар қарастырылған:

Қала әкімдігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2000 орындық мектеп салу үшін ауданы жоспарлауда;

«РАМС Қазақстан» ЖШС 2023 жылғы қыркүйекте Жандосов көшесі, 94 мекенжайы бойынша 1 100 орындық мектеп құрылысын аяқтайды, сондай-ақ ағымдағы жылғы желтоқсанда 240 орындық 2 балабақша құрылысын бастайды.

Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін бұрынғы №1 балалар үйінің қолданыстағы ғимаратын 480 орындық балабақшаға қайта жаңарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың көктеміне жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін Науаи көшесіндегі №113 бөбекжай-бақшасын сейсмикалық күшейту аяқталады.

АДК ауданында да жыл соңына дейін «Акварель» ТК (Bazis-A) әрқайсысы 150 орындық 2 балабақша ашылады.

2022 жылдың басынан бері 854 орынды 15 жеке балабақша ашылды.