Бостандық ауданында алты жаңа мектеп салынады

Бостандық ауданында алты жаңа мектеп салынады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Мектеп пен балабақшадағы орын тапшылығын азайту әкімдік үшін маңызды мәселе болып қала береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осыған байланысты 8600 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сонымен қатар, 400 орындық 8 жекеменшік балабақша салу жоспарланған.

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша 3 мектеп салу жоспарланған. Қыркүйек айында құрылыс басталады. 

Жароков - Левитан көшелерінің қиылысында 1200 орындық және «АDK» сауда орталығы ауданында 900 орындық екі мектеп салу мәселесі қарастырылып отыр.

«РАМС Қазақстан» ЖШС жыл соңына дейін 1100 орындық мектептің және 240 орындық 2 балабақшаның құрылысын аяқтайды.

Бұрынғы №1 балалар үйінің ғимаратын 440 орындық балабақша қылып реконструкциялау. Құрылыс биыл шілдеде басталады.

«Акварель» ТҮК-де 300 орындық балабақша пайдалануға берілді. Мамыр айында ашылу көзделген, қазір оны жарақтандыру жүргізіліп жатыр.