Бостандық ауданында екі емхана салынады

Бостандық ауданында екі емхана салынады
Сурет: El.kz

Бұған қоса жұмыс істеп тұрған екі емхана күрделі жөндеуден өтеді.

Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін биыл наурыз айында екі объектінің құрылысын аяқтау көзделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

- «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусы;
- «Керуен Medicus» жекеменшік медициналық орталығында 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар перзентхана бөлімшесі.

Осы жылы медициналық мекемелердің жүктемесін азайту үшін 5 объектінің құрылысын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобалануда, оның ішінде:
- Әрқайсысы 500 келушіні қабылдайтын 2 жаңа емхана құрылысы. Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысындағы бірінші емхана бойынша осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Оны биыл жылдың соңына дейін аяқтап, мемлекеттік сараптамадан өткізу көзделген. Құрылысты бастау 2024 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.

«Ал екінші жаңа құрылысы - мен осыған дейін айтқан Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысындағы емхана. Құрылысты бастау 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланған», - деді қала әкімі бүгінгі кездесуде.

Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған екі емхана, яғни №14 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурстар өткізілуде. Сараптамасы тамыз айында күтіледі. Күрделі жөндеу 2024 жылдың екінші тоқсанында жоспарланған.

«500 орындық қалалық орталық клиникалық арухананың (№12 больница) жаңа корпусын салу жоспарланып отыр. Осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған», - деді мегаполис басшысы тұрғындармен кездесуде.