Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Оtyrar.kz

Жәрмеңкеге Қазақстанның ірі 30-дан астам жұмыс беруші компаниялары қатысады.

20 сәуір күні «Professional course» өзекті кәсіптер бойынша қысқа мерзімді курстар: «Soft skils» бойынша курсы» жобасының аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мамандықтар жәрмеңкесі – бұл жастар үшін өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын зерттеуге және бір жерде бірнеше жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, тілдесулеріне тамаша мүмкіндік. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жастар мен түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Аталған іс-шара Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «UAQYT» қоғамдық қорының және Еуразия Технологиялық Университетінің ұйымдастыруымен 20 сәуір күні сағ:14:00-16:00 аралығында Төле би көшесі, 109Б мекенжайында орналасқан Еуразия технологиялық университетінде өтеді.