Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті Сурет: ашық дереккөз

Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің ұйымдастыруымен студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Жәрмеңкеге 54 жұмыс беруші қатысып, 100-ден астам бос орын ұсынды. Жұмыс берушілер ретінде: 25-тен астам білім беру ұйымдарының (Алматы қаласының мектептері, лицейлері, гимназиялары), құқық қорғау және сот органдарының, көлік қызметтері ұйымдарының, Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің, банк саласының, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.


Бос орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентацияларын көрсетіп, бос жұмыс орындарын ұсынды және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырды.


Ізденушілер өз кезегінде ұйымдардың өкілдерімен танысып, әңгімелесіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0