БОС УАҚЫТТЫ ҚАЛТ ЖІБЕРМЕУІМІЗ КЕРЕК

Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастар, яғни біздер. Қоғамның қозғаушы күші жастар екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады. Бүгінгі жастардың ерекше ұрпақ екенін қайталаудан жалықпайды.

Ерік-жігері күшті жастар ел ертеңі мен өз болашағы үшін бүгінгі бос уақытты қалт жібермеуіміз керек. Бос уақыт көп, жұмысымыз жоқ болып жатса, кінә өзімізден. «Қар­ны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп Абай ақын айтпақшы, расында да еріккен жанның ойына түрлі жамандықтар келіп, жат қылықтарға, қылмысқа бой алдырары сөзсіз.

Уақыт демекші, біз, жас­тар, осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда қандай іспен шұғылданамыз? Сол секілді, қаншалықты тырысқаны­мызбен уақытты жүйелі пай­далануға дағдыланбай жата­тынымыз да белгілі. Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе жұмысбасты адамның бөтен пиғылды ойлауға мұршасы да болмайды.

Уақыт қашан да адам баласы үшін қымбат нәрсе болып келеді. Біз әрдайым уақытқа кіріптар екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Берілген бос уақытқа бейғам қарамай, кездескен жат қылықтан қашық жүріп, қоғам үшін қандай да бір игі іс жасауға дағдылануымыз керек.

 

Ақниет АМАНХАН,

студент.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *