Боливияда 2 жылдық үзілістен кейін атақты карнавал қайта басталды

Боливияда 2 жылдық үзілістен кейін атақты карнавал қайта басталды
Сурет: 24.kz

Ел астанасы Ла-Паста өтіп жатқан Анд фестиваліне осы елдің түкпір-түкпіпінен 60 мыңнан астам адам келген. Олардың дені - бишілер мен музыканттар. Бір бишінің костюмі әшекейлерін қоса алғанда 20 мың доллар тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мерекелік іс-шара 2020 жылы коронавирусқа байланысты тоқтатылған болатын. Биыл билік рұқсат берді, бірақ қатысушылардан толық вакцина салдыру талап етілді. 

Нанси Агилар, көрермен:

- Бұл шынымен қуанышты жағдай. Фестивальға келгендердің бәрі шаттыққа бөленіп жатыр. Әсіресе пандемия кезінде жақындарынан айырылғандардың көңілі бір серпіліп қалды деп ойлаймын. Өз басым дән ризамын!

Айта кетейік, бұл фестивальде аймара үнділері мен католик дәстүрінің киім үлгілеріне айрықша мән беріледі. Байырғы жергілікті тұрғындардың киімі ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы ретінде танылған.