Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды

Асқар Омаров  Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды
Сурет: Еgemen.kz

Жаңа министр

Бұл туралы Ақорданың  ресми  сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өмірбаяны:

Асқар Қуанышұлы Омаров 1976 жылы Алматы қаласында туған.

Тұран университетінің түлегі. Мамандығы: халықаралық экономикалық қатынастар.

Қызмет жолы:

Еңбек жолын 1996 жылы жекеменшік компанияда туристерді жөнелту бөлімінің көмекшісі болып бастады.

1997-1998 жж. — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жетекші маманы.

1998-1999 жж. — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жж. — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жж. — Қазақстан РТРК АҚ – Астана ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының бас редакторы.

2007-2010 жж. — жеке компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2011-2013 жж. — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2013-2014 жж. — жеке ұйымның креативті директоры.

2014-2015 жж. — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жж. — қоғамдық қордың президенті.

2017-2021 жж. — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген.