Болат ҚҰРЫМБАЕВ, ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы:  ҚАРАЛЫ КҮНДЕР ҚАЙТЫП КЕЛМЕСІН!

Болат ҚҰРЫМБАЕВ, ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы:  ҚАРАЛЫ КҮНДЕР ҚАЙТЫП КЕЛМЕСІН!
almaty-akshamy.kz

Бүгін, 29 тамыз, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.  Қаралы күн адам шығыны орын алған Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты жарияланды.

Біз, «желтоқсандықтар», Мемлекет басшысының бұл шешімін дұрыс деп қабылдаймыз. «Желтоқсандықтар» - қаралы күндердің қандай болатынын осыдан 35 жыл бұрын өз басынан өткізген буын. Тек ол күндері тотолитарлық жүйеде ешкім бізді қаһармандар қатарына қосқан жоқ еді.

Әрине, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, бейбіт заманда осындай төтенше жағдай орын алғаны өкінішті. Әсіресе, тәуелсіздікті қорғайтын, қамал бұзатын жастардың, мамандардың шейіт болғаны өкінішті. Конституцияда жазылғандай, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы - біздің баға жетпес құндылығымыз. Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы үшін әрбір азаматымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. «Әр қазақ - менің жалғызым» дегендей, атпалдай азаматтардан айырылғанымыз өзекті өртейді. Олардың артында туыстары, отбасы, елі қалды. Біз олардың өз міндеттерін атқарудағы жанкешті ерлігін, азаматтықтарын ешқашан ұмытпаймыз.

Қазаға ұшыраған әр отбасына, жалпы, қазақ еліне бес жүзден астам мүшесі бар «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан қайғырып көңіл айтамын. Бұндай қаралы күндер қайтып келмесін! Тәуелсіздік тұғырлы болсын!