Болат Жорабаев жаңа қызметке тағайындалды

Болат Жорабаев жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Nur.kz

Ол Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болды.

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, ел Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №779 Жарлығымен Қарулы Күштердің құрамына кіретін Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды.

Арнайы операциялар күштері елдің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында, оның ішінде антитеррорлық операцияларға және заңсыз қаруланған құралымдарға қарсы іс-қимыл жасауға қатысу арқылы арнайы міндеттерді шешуге арналған.

Қорғаныс министрлігі қолбасшылықтың күштері мен құралдар құрамын, міндеттері мен функцияларын айқындады. Оны құруға қажетті әлеует бар.