Болат тағы бір базарынан айырылуы мүмкін

Болат тағы бір базарынан айырылуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

Болат Назарбаев «Барыс» автокөлік базарынан айрылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  «Пятый регион» басылымына сілтеме жасап.

Қарасай ауданының сотында прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында талқылау жүріп жатыр.

Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 35 гектардан асатын жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етеді. Себебі бұл учаскелер «суармалы егістік» ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылды, ал Жер кодексіне сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға жатады. Нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, жол берілмейді.

Жерді беру фактісінде өрескел бұзушылықтар орын алды. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті.

2004 жылдан 2019 жылға дейін жер учаскелерін сатып алу-сату бойынша жеті шарт жасалған.