Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектарға жуық жер тәркіленді

Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектарға жуық жер тәркіленді
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл туралы республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекетке Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған еді.

«АМАНАТ» партиясының Қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! «Бармақ басты, көз қыстымен» жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, «бұрынғы еңбегіңізге», қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр», - деді Ерлан Саиров.