Болашаққа кім керек?

Болашаққа кім керек?
Сурет: Аkchabar.kg

Заман - ептінің ығында

Заманның дамуына көз ілеспейді. Әйгілі Amazon компаниясының негізін салушы Джеф Безостың айтуынша, келешек мүлде басқаша аурада күн кешпек.

Жаһан дәп қазір пандемия жағдайында өмір сүріп жатыр. Бәрі жылдам. Бәрі қарқынды жүруде. Жаңалықтар бір-бірінен асып, өркениетте жарыстың басталғалы қай заман?!

Соңғы уақыттары «онлайн» термині қолданысқа енді. 1,5 жылдан бері осы сөздің қадірі артып бара жатқанын байқаймыз.

Сарапшылар дерегінше, онлайн төлем жасушылардың пайызы артқан. Шамамен 90%. Бұл бір жағынан өте тиімді. Өте ыңғайлы. Әсіресе, қалалық жерде QR төлейді. Өйткені «бонус» түседі. Көпшілігіміз осылай төлеуге үрендік. Бәлкім, бұл да заманның алға кеткендігін білдірер.

Тиімді жақтары өте көп. Ең бастысы, уақыт үнемделеді. Әлгінде айтқан «бонус» мәселесі бар. Яғни, қолма-қол қарымта іздеп жатпайсыз. Кез келген затты немесе тауарды әлемнің әр түкпірінен алдыруға болады. Жеткізу көбіне тегін.

Мысалы, шетелде оқығандарға тым ыңғайлы. Оқу ақысын осы жақтан төлей алады. Оқуын да осы жақтан оқып, АҚШ, Еуропа, Жапонияның білімін ала береді. Осылайша, диплом алып, осында немесе шет елде ісіңді жүргізе беруге мол мүмкіншілік бар.

Енді осының бәрін игерген мобилді жұмыс жасайтын адамдар заманға нақ қажеттілер сияқты көрінеді. Бір жағынан, күн өткен сайын заман соны талап ететіні анық.