«Болашақ» стипендиясының иегерлері кім?

«Болашақ» стипендиясының иегерлері кім?
Сурет:Еl.kz

Тізім Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін Қазақстанның 25 азаматы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды», - делінген хабарламада.

Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінген.

Биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында. Қабылдаудың екінші легі 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, үшіншісі 5 маусым мен 7 шілде аралығында, төртіншісі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.