«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталады

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталады
Сурет: ашық дереккөз

5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде:

·       магистратура және резидентураға – 395;

·       докторантураға – 50,

·       тағылымдама бағдарламаларына – 110 стипендия.

Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты көздейді.