«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталады

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталады
Сурет: Еgemen.kz

4 күннен соң бітеді.

Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламаларына түсуге өтінімдер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады:

- кешенді тестілеу

- тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу

- кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

«Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер 2 негізгі құжатты ұсынуы тиіс: «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы», - делінген министрліктің Telegram парақшасында.