«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады
сурет:egemen.kz

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия қарастырылған.

Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады.