Болашағын ойлаған ел жолын жөндейді

Болашағын ойлаған ел жолын жөндейді Сурет: ашық дереккөз

Еліміздің басқа өңірлерінен көрі, мегаполис Алматы халқының көп уақыты жолда өтеді. Жол – қайнаған өмір. Сондықтан жолдың қадірін бәріміз түсінеміз. Әсіресе, мегаполис тұрғындары жолға ерекше мән береді. Алматылықтар алдымен жолдың сапалы болғанын қалайды. Алайда сол жолды салушы компаниялар жұмыстарына салғырт қараудың арқасында қала тұрғындарының жүйкесіне салмақ түсіреді.
 
«Қарғыс алма, алғыс ал», - деген бабаларымыз. Әр ісіміз алғыс аларлықтай болса ғой, шіркін! Көктем шыққаннан бастап Алматы көшелерінде жөндеу жұмыстарына байланысты кептеліс басталады.  Жылда бір көрініс, Неге? Өйткені, жол жөндеуші компаниялар сапаға мән бермеуде. Бүгінгі таңда жол сапасына жауапты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жауапсыз мердігерлерді тәртіпке шақырып отырады. Аталған орталықтың Алматы филиалының басшысы Асхат Үсеновпен жол сапасына қатысты әңгімелескен едік. 
- Болашағын ойлаған ел жолын жөндейді. Бүгінгі таңда қала әкімі Ерболат Досаев жол сапасына ерекше мән беріп келеді. Шынында бұрынырақ, алдымен жол жасалып, артынан коммуналдық желілер жүргізілетін. Нәтижесінде жол сапасы бұзылатын. Қазіргі кезде алдымен коммуникацияларды жүргізіп алып, артынан жол жабындысы төселетін болды. Демек, жол жөндеуші компания өз жұмысына салғырт қарауға негіз жоқ. 
Қала әкімінің ұсынысымен бүгінгі таңда жол жөндеу, көгалдандыру мәселесіне бөлінетін қаржыны аудандарға бөліп берді. Бұл өте тиімді. Енді бұл жағынан аудан өзі шешім шығарып, жол сапасына көңіл бөлуі тиіс. Осы ретте қала басшылығы бізге жол сапасын тексеруге немесе бақылауға алуды сеніп тапсырды. Өйткені, біздің орталық тікелей жолға қатысты. Бізде арнайы зертхана бар. Онда төселген асфальттың құрамын, таптау кезіндегі қысымды да білуге болады. Сондықтан бүгінгі таңда қаланың әрбір ауданымен келісімшарт жасалуда. Әзірге Әуезов, Алатау, Алмалы аудандары бізбен келісімшартқа отыруға құлықсыздық танытып отыр. Қалған аудандар бізге өздері қай жерде қандай жол салып жатқаны туралы ақпарат береді. Біз сол бойынша жөндеу жүргізіп жатқан көшелерге барып, жұмыстың сапалы немесе кемшін кетіп жатқанын анықтаймыз. Сонан кейін әкімшілікке яғни тапсырыс берушіге хат жазып жолдаймыз. 
-Техникалық қадағалаушы қызметі де мемлекеттік сатып алу порталында жолданатын. Оны ұтып алған компания қадағалаушы еді. Енді олардың жұмысы қысқарды ма?
-Жоқ қысқарған жоқ. Ол заңға сәйкес жүргізіле береді. Тек кейінгі кездері техникалық қадағалаушы жүргізіліп жатқан жұмыстың басында болмайды. Нәтижесінде жұмыс өз деңгейінде жүрмейді. Міне, біздің мамандар осындай кемшіліктерді хатта көрсетіп тиісті орындарға жолдаймыз. 
- Биылғы жылға жауапқа тартылған компаниялар бар ма?
- Жаңа сөз еткен бойынша алдымен аудандармен келісімшартқа отыруымыз керек. Келісімшартқа отырған аудандарда жұмыстар енді басталды. Сондықтан жұмысына салғырт қараған компанияларды жауапқа тартатын боламыз. 
Уақыт бөліп арнайы сұқбат бергеніңізге рахмет! Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42