Жарқын болашақ

Жарқын болашақ
Сурет: Vk-com.aurebeshtranslator.net

Болашақ кілті - бірлікте

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырсында «Жаңа Қазақстанды құрамыз» деді.

Әлемге шолу. Америка Құрама Штаттары 1789 жылы өздерінің алғашқы көсемін сайлады. 1791 конституциясын қабылдады. Міне, осы сәттен бастап дамуға қарай бет бұрды. Экономиканы әртараптандырды. Элитаны қалыптастырды. Қаржы секторын жолға қойды. Барлығы америкалықтардың болашағының игі болмағы үшін еді. 

Жапония екінші дүнижүзілік соғыстан әбден қалжырады. Ондағы ірі төрт аралдың басы біріге қоймады. Олар осы қалжыраудан ақылдың күшімен шықты. Қалдықты өңдеді. Технологияны жетілдірді. Кеме, машина, электроника жасау саласында үздік нәтиже көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі саласында бірқатар өзгерістер жасады. Осылайша әлеуметтік әлеуетті көтерді.

Бұл аталған дамыған державалар тәжірбиесін Оңтүстік Корея, Канада, Сингапур сынды мемлекеттер қолданды десек, анық болар. Бірақ, әрбір істің қате тұстары да кездесті. Дегенмен аталған елдер бұл тығырықтан шығып, әлемнің экономикасының көшбасшысына айнала білді.

Жарқын болашақ. Абылай хан, Хан Кене кезінде Орталық, Теріскей, Сырдария бойына егін салуды жөн көрген. Алмағайып шақта соған күш салған. Сөйтіп, мал шаруашылығымен қатар ауыл шаруашылығын қолға алған. Ол, әрине, тапқырлық болды. Анығы сол, ХVIII-XIX ғасырдағы дүние осы күнге дейін өзекті болып тұр. Бұл жағынан бірқатар істер тындырылып жатыр да.

Қазақ жұрты - тағдырлы халық. Өзінің арғы-бергі тарихында көпті көрді. Жоңғар, қалмақ, ойраттар, Қоқан, Хиуа шапқыншылығы, патшалықтың жасағандары бәрі жұрттың қаңқасын, жанын жаралады. Десе де, әуелі Жаратушының, содан кейін өздерінің бірлігінің арқасында барлық қиыншылықты еңсерді.

Ендігі болашақ жастардың қолында. Бұл - ақиқат. Олар ІТ, нанотехнология, биотехнология, қаржы секторында аса зор жетістіктерге жетіп жүрген жастар жетерлік. Қаракөздеріміз АҚШ, Еуропа, Канада, Қытай нарығында жемісті еңбек етіп жүр. Мейілінше, сол азаматтар елге оралып, туған жердің дамуына үлесін қосса деген ойдамыз.

Қазақ елінің алар асуы, бағындырар белесі, жарқын болашағы алда деп сенеміз. Қасиетті Отанымыз мәңгі жасасын!