Бокстан әлем чемпионатында қазақ спортшыларының жетістіктері қандай?

Бокстан әлем чемпионатында қазақ спортшыларының жетістіктері қандай?
Cурет: Olympic.kz

Белградтағы әлем чемпионатында ширек финалға шыққан қазақстандық боксшылар қатары толыға түсті

63,5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев 1/8 кезеңде украиналық Денис Песоцкиймен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комиетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Санатәлінің сыңары Саматәлі Төлтаев та (60 келі) әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алған болатын. 

Тағы бір қазақстандық Нұрбек Оралбай 1/8 айналымнан сәтті өтті. Ширек финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте Нұрбек венгриялық Пал Ковачты айқын басымдықпен жеңді. Есеп - 5:0.

Осылайша, кеше шаршы алаңға шыққан алты қазақстандық боксшының барлығы да ширек финалға сүрінбей өтті.