Бокстан Азия чемпионатында Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты

Бокстан Азия чемпионатында Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Нұрбек жартылай финалға өтіп, жүлдегерлер қатарына қосылды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін қазақстандықтардан үшінші болып рингке шыққан жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта таиландтық Веерапон Джонгджомен қолғап түйістірді.

Бойлары шамалас қос боксшы бар өнерін салып баққанымен, Нұрбектің басымдылығы байқалды. Екінші раундта қазақстандық боксшы ескерту алып қалды. Дегенмен төрешілердің басым даусымен жеңіс Н.Оралбайға берілді.

Сөйтіп, Нұрбек жартылай финалға өтіп, жүлдегерлер қатарына қосылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржановтың жүлде алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті.

Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жүлдегерлер сапына қосылды.

Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.

Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті.

Азия чемпионатында Римма Волосенко жүлдесіз қалды.

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 15-медаль түсті.

Азия чемпионатында боксшы Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен ұтты.