Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті

Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан боксшысы Жасмин Қизатова 2023 жылы Таиландтың Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті.

70 келі салмақтағы шешуші белдесуде отандасымыздың қарсыласы Өзбекстан спортшысы Азиза Зокирова болды. Жасмин Қизатова төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті, ал Зокирова «күміс» еншіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі) және Дана Дидай (75 келі) қола жүлдегерлер атанды.