Бокстан әлем чемпионатында жүлдегер болғандар 30 мың долларға дейін сыйақы алады

Бокстан әлем чемпионатында жүлдегер болғандар 30 мың долларға дейін сыйақы алады
Cурет: Бокс федерациясы

Алуа Балқыбековаға 30 мың АҚШ доллары беріледі

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінген қазақстандық боксшылар қаржылай сыйақымен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев еліміздің спортшыларын қолдау мақсатында Түркиядағы әлем чемпионатына арнайы келді.

Сапар барысында ол отандық боксты дамытуға байланысты шетелдік әріптестерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Одан кейін қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекованың финалдық жекпе-жегін тамашалады. Спортшылармен жүздесуде жүлдеге іліккен және бокстың жарқын үлгісін көрсеткен бүкіл боксшыларға алғыс айтты.

Айта кетейік, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жүлдегерлер IBA сыйақысынан бөлек Қазақстан бокс федерациясының қаржылай сыйақысымен марапатталады.

Осылайша күміс жүлдегер Алуа Балқыбековаға 30 мың АҚШ доллары берілсе, қола жүлдегерлер Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова 10 мың долларға ие болады.