Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық рингке шығады

Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық рингке шығады
Сурет: Ашық дереккөз

Үшеуі де күндізгі сессияда өнер көрсетеді

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық спортшы рингке шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлем чемпионатының жүлдегерлері Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова және Надежда Рябец алғашқы кездесулерін өткізеді.

Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда сингапурлық Кей Ван Чи Ваймен, Жайна Шекербекова (54 кг) оңтүстіккореялық Э Чжи Иммен, Надежда Рябец (66 кг) тағы бір кореялық боксшы Сён Суджинмен жұдырықтасады.

Үшеуі де Астана уақытымен сағат 14.30-да басталатын күндізгі сессияда өнер көрсетеді.

Әлем біріншілігін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Осыған дейін рингке шыққан үш қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті.