Бокстан ӘЧ: Жазира Орақбаева алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді

Бокстан ӘЧ: Жазира Орақбаева алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді
Сурет: Ашық дереккөз

Жазира Орақбаева 52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасты

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева рингке шықты.

Азия чемпионатының жүлдегері Жазира тайбэйлік Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасып, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раунд басында төреші жекпе-жекті тоқтатып, Жазира Орақбаева айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақстандық басқа боксшылар ертең рингке шығады.