Боксшы Қамшыбек Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Боксшы Қамшыбек Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Сурет: Рrosports.kz

Құттықтау!

Боксшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап

«Тәуелсіздіктің құрдасымын, Аллаға шүкір. 30 жылда қандай күшті ел болдық. Құдай қаласа, болашақта бұдан да көркейіп, дамитынымызға еш күмәнім жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» – дейді Қамшыбек Қоңқабаев.