Боксшы қыздарымыз Мароккода бес алтын медаль жеңіп алды

Боксшы қыздарымыз Мароккода бес алтын медаль жеңіп алды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Марокко елінде бокстан өтіп жатқан «GOLDEN BELT SERIES MARRAKESH 2023» («Алтын белбеу») халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасап.

48 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова финалда тайпейлік Лью Чен-Лингтті; 57 келі салмақтағы Карина Ибрагимова ресейлік Людмила Воронтцованы; 54 келі салмақтағы Жайна Шекербекова италиялық Алеан Савчукты; 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ресейлік Екатерина Пальцеваны; 75 келі салмақтағы Валентина Хальзова бразилиялық Вивиане Пирейраны жеңді.

Күміс медаль алған спортшыларымыз: Аида Әбікеева (63 кг); Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).

Қола жүлде иеленгендер: Надежда Рябец (66 кг), Мадина Нұршаева (70 кг) және Фариза Шолтай (81 кг).

Марракештегі турнирде Қазақстан атынан барлығы 12 боксшы өнер көрсетті.