Боксшы Бекман Сойлыбаев нокаутпен жеңіске жетті

Боксшы Бекман Сойлыбаев нокаутпен жеңіске жетті
Сурет: Zakon.kz

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Жекпе-жек Ақтаудағы бокс кешінде өтті. Сойлыбаев рингте 41 жастағы мексикалық ардагер Томас Рохаспен кездесті.

Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтті және жоспарланған он раундтқа созылды. Сойлыбаев төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Қазақстандық кәсіпқой бокста 14-рет жеңіске жетті, ал Рохас 21-рет жеңіліп отыр.