Боксер Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты

Боксер Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты
Сурет: Allboxing.ru

Ол шексіз ризашылығын білдірді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин барлық жанкүйеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz боксшының желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бұл естен кетпес ерекше сапар болды. Жапонияға, қонақжай жапон халқына, олардың бізге танытқан ыстық ықыласына алғысым ерекше. Күншығыс еліне тағы да ораламын деп ойлаймын. Барлық жанкүйерлеріме шексіз ризашылығымды білдіремін. Көріскенше!» - делінген боксшының instagram парақшасында.



Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)