Бокс: IBF рейтингінде қай сатыдамыз?

Бокс: IBF рейтингінде қай сатыдамыз?
Сурет: Іnbusiness.kz

Оғландарымыздың деңгейі қалай?

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды. Алғашқы екі орын бос, үшінші орында ресейлік Евгений Шведенко тұр. Бұл дивизионда IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы - мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Бұл ұйымның орта салмақтағы чемпионы атағы қазір Геннадий Головкинде. Орта салмақтағы қазақстандық боксшылар жаңа рейтингіде бұрынғы орнында қалды: Жәнібек Әлімханұлы – тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов – оныншы, Қанат Ислам – 13-орында. Алғашқы екі орын бос, үшінші орында неміс Патрик Войчицки.

Жартылай орта дивизионда Данияр Елеусіновтің позициясы өзгерген жоқ. Ол әлі де 14-орында. ТОП-3-ке Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер және Джерон Эннис (екеуі де – АҚШ) кіреді. Бұл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы - америкалық Эррол Спенс.

Бірінші жартылай орта салмақта 13-орында болған Батыр Жүкембаев рейтингінен шығып қалды.