Бөкейханов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бөкейханов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Cурет: Egemen.kz

Алматы қалалық мобилділік басқармасы жол жөндеу жұмыстарына байланысты Бөкейханов көшесінің кейбір бөлігі жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 24 маусым сағ. 23:00 мен 25 маусым сағ. 06:00 аралығында Бөкейханов көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.