Блинкен Қытай басшысымен кездесті

Блинкен Қытай басшысымен кездесті Cурет: Almaty-akshamy.kz

Бейжіңге барған Блинкен Қытай басшысымен кездесті. Бұл оның Қытай сапарына жаңа сипат берді және екі елдің қайшылықты реттеуге деген құлшынысын аңғартты.


Кездесудің болатыны жайында ақпарат құралдарына бір сағат бұрын ғана хабарланған.


Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ Мемлекеттік хатшысы Этнони Блинкенді 19 маусым түскен кейін Бумен конференц-залында қабылдады.


Бұдан бұрын Блинкен Қытайдың қазіргі Сыртқы істер министрі Цин Ганмен және сыртқы саясат бойынша жоғары лауазымды тұлғасы Ван Имен кездескен болатын.


Сарапшылар, Ван Имен кездесудің нәтижесі Блинкеннің Си Цзиньпинмен кездесуін немесе кездеспеуін белгілейді деп болжаған. Қазіргі жағдайдан қарағанда Ван И мен Блинкен аса нәзік мәселелер бойынша пікір алшақтығын қысқартқандай.


Ван-Блинкен  кездесуінің мазмұны енді ғана жарияланып жатыр. Соның өзінде үш сағаттың диалогтың толық мазмұны БАҚ үшін қолжетімсіз. Тек, Синьхуа агенттігі хабарында Ван Идің кездесуде айтқан сөздерін келтіреді. Оның пікірінше, Қытай-АҚШ қайшылығының түпкі себебі – АҚШ-тың Қытайға қатысты қате түсінігі және Қытайға қатысты қате саясат жүргізуі екен.


Ол АҚШ тарапынан «Қытай қаупі теориясынан» бас тартып, Қытайдың технологиялық дамуына кедергі келтірмеуді, ішкі істеріне орынсыз араласпауды сұраған. Бұған қоса Тайвань мәселесінде Қытай ымыраға келе алмайды деген сыңайда ұстанымдарын жеткізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17