БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонып, төрт адам қаза тапты

БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонып, төрт адам қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Тікұшақ Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған

Батыс Қазақстан облысында магистральды мұнай құбырын көктен шолу кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қатты екпінмен келіп жерге қонды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алды. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.

Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, ТЖМ-ның құтқару тобы тікұшаққа келіп-жетті. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккен.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған.