Бизнеске арналған нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудегі Қазақстанның жұмысы

Бизнеске арналған нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудегі Қазақстанның жұмысы
Сурет:Gov.kz.

Бизнеске арналған нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудегі Қазақстанның жұмысы

 

2021 жылғы 24 маусымда Дүниежүзілік банк және ҚР Әділет министрлігі бірлесіп, Қазақстанның сот реформасы циклын зерттеуге және оның институционалдық және нормативтік базаны нығайту тәсіліне арналған апталық вебинарлар сериясы аясында төртінші вебинар өткізеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Әдіілет министрлігінің хабарына сілтеме жасап.

 Жақында өтетін «Қазақстандағы сот жүйесінің даму циклы - нормативтік құқықтық базаны жетілдіру: зияткерлік меншік (IP) стандарттары, мүлікті, кәсіпорындарды және азаматтық хал актілерін тіркеу» атты вебинар бизнеске арналған нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудегі Қазақстанның жұмысына арналады.

 Сессияға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директорының орынбасары Хасан Клейбтің, Орталық Азиядағы басқару жөніндегі үйлестіруші, Дүниежүзілік банктің басқару жөніндегі жетекші маманы Арман Ватянның және ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиевтің кіріспе сөздері кіреді.

 Сонымен қатар іс-шараға келесі жетекші халықаралық сарапшылар қатысады:

 Сауле Тлевлессова, Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті;

 Боян Константинов, БҰҰДБ саясат жөніндегі маманы және Ольга Гургула, БҰҰДБ халықаралық сарапшысы;

 Вахтанг Лежава, «Doing business» бойынша халықаралық сарапшы;

 Дмитрий Дагнидзе, Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы халықаралық сарапшы.

 Іс-шара Zoom платформасында онлайн режимінде 2021 жылғы 24 маусымда, бейсенбі күні, сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) өтеді. Тіркелу келесі сілтеме арқылы жүргізіледі:

https://worldbankgroup.zoom.us/webinar/register/WN_jlNiOlYGTu-hB2kDRS5odA