БИЗНЕС ОРТАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілердің деңгейін төмендету туралы семинар-кеңес өтті

Серік ЖҰМАБАЙ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінде «Бизнес саласында әкімшілік кедергілердің деңгейін төмендету мәселелері» атты семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұрат Абдрахманов алғы сөзбен ашып, сыбайлас жемқорлықтың кез- келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру қағидаттарына толықтай түсініктеме бере отырып, қоғамда және бизнес саласында жемқорлық жағдайларды туғызатын себептерді бірлесіп анықтау және жою, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков өз баяндамасында кәсіпкерлік салада әкімшілік кедергілердің деңгейін төмендете отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, олардың ашықтығы мен айқындығын бақылау, қоғамда жемқорлыққа қарсы саясат пен мәдениетті қалыптастырудың басты міндеттері мен мақсаттарына және олардың қоғамдағы орны мен рөлін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, жиында Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің өкілі Низам Зейналов «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру» атты баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, бизнес саласындағы түрлі әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайтудың негізгі механизмдерін түсіндіріп берді.
Семинар-кеңес барысында департамент тарапынан дайындалған сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көлемді бейнеролик көрсетілді.
Жиынға қатысушылар nfhfgsyfy бизнес саласында әкімшілік кедергілердің деңгейін төмендету, олардың қызметтерін реттеу және жетілдіру төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға департаменттің басқарма басшысы Елнар Игіліков толық жауап берді.