Бизнес ашуды көздеген қандастарға қандай жеңілдік берілетіні айтылды

Бизнес ашуды көздеген қандастарға қандай жеңілдік берілетіні айтылды
Сурет: Almaty.tv

100 бизнес-жобадан тұратын кейс қалыптасады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Қазақ картасы» туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақ картасы» 100 этникалық қазаққа – жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар немесе табысты бизнес-кейстерді жүзеге асырған және оны Қазақстанда кеңейтуді қалайтын басқа елдердің азаматтарына беріле отырып енгізіледі», - деді Еңбекмині басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің солтүстік және орталық өңірлеріне реттелетін ішкі көші-қонды ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралды.

Әрбір қабылдаушы өңір қоныс аударуды ынталандыру үшін жұмыс күші тапшылығын сезініп отырған экономиканың басым секторларын анықтайтын арнайы өңірлік бағдарлама әзірлеуде.

Еліміздің басқа өңірлерінде құрылған қолданыстағы бизнес-жобаларды көшіруді және кеңейтуді көздейтін солтүстік және орталық өңірлер үшін 100 бизнес-жобадан тұратын кейс қалыптасады.

Қоныс аударуды ынталандыру үшін қоныс аудару аумағындағы тұрғын үй құнының 50% дейін өтемақы алуға құқық беретін ұтқырлық сертификаты енгізіледі.

Мемлекет басшысы айқындаған келесі басымдық – халықтың табысын арттыру, жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау шараларын күшейту.