Алматы бәсекеге қабілетті экономикасы бар халықаралық деңгейдегі жайлы және қауіпсіз қалаға айналады

Алматы бәсекеге қабілетті экономикасы бар халықаралық деңгейдегі жайлы және қауіпсіз қалаға айналады Сурет: Kazpravda.kz

Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар.


ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Онда қала әкімі Алматының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп  беруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы әкімінің сөзінше, 2022 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының Мәслихаты Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды бекітті.


Бағдарламада (1) Қолайлы қалалық орта, (2) Тұрақты экономикалық өсім, (3) Басқарылатын урбанизация, (4) Әлеуметтік тұрақтылық және орнықтылық, (5) Жасыл Алматы, (6) Алматы – смарт-сити, (7) Қауіпсіз қала сияқты 7 басым бағыт айқындалған.


Мемлекет басшысының өткен жылғы 16 қарашада қаламызды одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, желтоқсан айында Жол карталары бекітілді. Ол Даму бағдарламасын табысты іске асырудың негізгі қадамдарын қамтиды. Бүгінде Алматы қаласының Жобалық офисі базасында 9 Жол картасын іс жүзінде жүзеге асыру қарқынды жүргізілуде.



«Басым бағыттар бойынша барлығы 476 жобаның 275-і (57,7%) іске асыру сатысында тұр. Бұл жобалар қаланың барлық аудандарында жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың  өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.


Біздің мақсатымыз – Алматыны бәсекеге қабілетті экономикасы бар халықаралық деңгейдегі жайлы және қауіпсіз қалаға айналдыру», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 


 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35